Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне орай «Астана – ел тұғыры, домбыра – дала үні» атты мерекелік кеш өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрлыбек Даумов тұрғындарды қос мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтардың маңызына тоқталды.


Сондай-ақ ол «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде үздік шыққан үлгілі отбасыларды арнайы марапаттады.


Мерекелік бағдарлама аясында аудан өнерпаздары күй шайқап, халық әндері мен елордаға арналған патриоттық шығармаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Ақсәуле Алжанова,
Бөкей ордасы ауданы