2.10.2026, 16:00
Оқылды: 7

Бөкей ордасында батыс пен оңтүстік ақындары айтыста бас қосты

Батыс айтысының бес бірдей жас перісі оңтүстіктің азулы ақындарымен сөз додасына түспек.

IMG-20261002-WA0134

Біртуар Бекарыс Шойбеков, айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев, сөз барымтасының бөрісі Мұхтар Ниязов бастап, қостанайлық Нұрмұхан Жақып, шымқаланың сөз шебері Қажымұқан Абзаловтар, батыстың беткеұстарлары Жансая қызымыз бастап, Талғат баламыз қостаған, сырымдық сөз сүлейі Бауыржан Ширмеден, Бауыржан Халиолланың сөзімен айтсақ, сәби ниет, айтыс өнерінің адал жауынгері ақтөбелік Жұлдыз Қазихан,  ақын әкесі Сағынтайдан сөз өнерін сарқытқа алған Айнабек Бисенғалиевтер айтысады. Кеш қонағы - айтыстың баһадүрі Бауыржан   Халиолла.

IMG-20261002-WA0129
Айтыс тізгіні сөз зергері мәдениет саласының еңбегі сіңген қайраткері Дәулеткерей Құсайыновтың қолында. Сөз додасының шымылдығы аудан басшысы Нұрлыбек Даумовтың құттықтау сөзімен түрілді.

IMG-20261002-WA0148
Сахна төріне көтерілген батыс айтыс ақындарының бағбаны Бауыржан Халиолла айтыс шарттарымен таныстырып өтті. Ергенұлының айтуынша, бұл айтыстың ерекшелігі ақындардың сөз барымтасын бағалайтын қазылар алқасы жоқ.

IMG-20261002-WA0138 IMG-20261002-WA0140

Он ақынға жүлде қоры тең бөлінген.
Сахна төріне  ақындардың алғашқы жұбы жайғасты. Дәл қазір бөкейлік Талғат Мықи мен түркістандық Нұрмұхан Жақып сөз қағыстыруда.

Анар Артықбай, 
Суретке түсірген Әділет Абдиров, 

Бөкей ордасы ауданы 

IMG-20261002-WA0128 IMG-20261002-WA0137

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале