Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындарға есігін айқара ашты.
Заманауи нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды.
Құны 428 миллион 531 мың теңге тұратын заманауи спорт ғимараты 1274.1 мың шаршы метр алаңда орналасқан. Құрылысқа тапсырыс беруші «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг БиВи» компаниясы болса, жауапты мердігер «Наурыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
160 адамға арналған ғимаратта күрес, бокс, баскетбол және волейбол, үстел теннисі секілді үйірмелер жұмыс жасайды.
Айта кетелік, шара барысында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг БиВи» компаниясының өкілі Ержан Әубәкіров пен «Наурыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына аудан жұртшылығы атынан алғыс хат ұсынылды.
Арайлым Есмағұл,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz