3.02.2021, 17:34
Оқылды: 55

Бөкей ордасында Елбасының алғыс хаттары табысталды

Өткен бейсенбіде «Nur Otan» партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалында ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан партияластар, штаб мүшелері мен белсенділердің саяси науқанда атқарған еңбектері еленіп, марапатталды.

елбасы

Аталмыш жиынды тізгіндеген «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев сайлау науқанының жоғары деңгейде өткендігін тілге тиек етіп, сайлауалды бағдарламаны насихаттауда талмай еңбек етіп, ортақ жеңіске үлес қосқан азаматтарға Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың алғыс хатын табыс етті.

Өз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева сайлауда «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне айтарлықтай атсалысқан жерлестеріне ризашылығын білдіріп, партия алдындағы іргелі істерді жұмыла атқаруға шақырды.

Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері т.б. қатысты.

Айта кету керек, аудан бойынша 22 үміткер, 7 штаб мүшесіне, 72 сенім білдірген уәкіл мен 5 белсендіге Елбасының алғыс хаттары берілді.

Арайлым Маратқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале