13.06.2024, 21:30
Оқылды: 182

Бөкей ордасында тоғыз түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Бөкей ордасы ауданының мектептерінде үздік білім, үлгілі тәртібімен топ жарған озат түлектеріне аттестат тапсырылды.

F1750A48-F376-4776-B9C0-8511AF69BA5A

Естеріңізге сала кетсек, биылғы оқу жылында тоғыз түлегіміз «Алтын белгіге» ие болса, он төрті «Ерекше аттестатпен» тәмамдап отыр.

Әдеттегідей Әнұранмен шымылдығы түрілген салтанатты шарада аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Біржан Меңешов түлектерге ақжарма тілегін арнады.

– Өз қайғың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал демес едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,
Шығады алдан жап-жарық келешегің.
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан, қайда барсаң да, өз еркіңде, - деп ақын Әбділда Тәжібаев айтпақшы, үлкен өмірге аттаған қадамдарыңыз құтты болсын! Отбасыларыңнан алған тәлімді тәрбие, мектептен меңгерген білімдеріңіз сендерді алға бастырмаса, адастырмайды деп сенемін. Өмір жастарың ұзақ боп, биліктерді бағындыра беріңіздер!, -деп топ жарған түлектеріміздің ата-аналарына да алғысын білдірді.

7D7462F4-7726-4EC0-9FC4-AF05F5BD089D

Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да жас түлектерге ізгі тілегін арнаса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков батасын берді.

C7377475-6198-4C1E-A455-14662A89F2D1

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова:

– Мектеп мерейін, аудан абыройын асыратын осындай білімді шәкірттеріміз көп болсын!, - деп ұстаздар қауымына тілегін арнады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале