Ертеңгі Бөкей еліндегі аламан тойға ғалымдарымыз келді.

Таратып айтып, таныстыра кетсек, филология ғылымдарының докторы, профессор, БҚИТУ, "Түркітану және Алтайтану" ғылыми орталығының жетекшісі Мұрат Сабыр мен филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Азамат Мамыров, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор "Тарих және құқық" кафедрасының меңгерушісі Жасқайрат Ерназаров ұлы тойға арнайы келді.

Аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов бастаған ауыл азаматтары мен өнерпаздарымыз қонақтарды ауыл сыртынан қарсылап алып, құрмет көрсетті.
Анар Артықбай
Суретке түсірген Әділет Абдиров,
Бөкей ордасы ауданы
