9.10.2024, 15:45
Оқылды: 15

Бөкей ордасының әкімі құрылыс қарқынын қадағалады

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов Сайқын ауылында орналасқан бірқатар құрылыс обьектілерін аралады.

IMG_8072

Сурет: freepik.com

Атап айтсақ, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің және бір қабатты әкімшілік нысанның (сот ғимараты) құрылыстарымен, аудандық полиция бөлімінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып шықты.

Сондай-ақ, аудан басшысы «Ауыл аманаты»жобасы арқылы аудан орталығында жүзеге асырылып жатқан жылыжай жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Біржан Танатаров Үкіметтің кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қолдауын ұтымды пайдаланып, кәсібін жүргізіп отырған азамат. Аудан басшысы «Ауыл аманаты»жобасының игілігін көріп, кәсібін жүргізіп отырған жеке кәсіпкердің бастамасына сәттілік, табысты еңбек тіледі.

Сондай-ақ, аудан әкімі Хан Ордасы ауылында болып, бірқатар жөндеу жұмысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Атап айтсақ, ауылдың екі негізгі көшесінің жолының жөндеу жұмыстарына жауапты «Теміржол жөндеу» ЖШС-інің өкілімен кездесіп, «Жасқұс» қонақ үйінің жағдайымен танысып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, бұл қонақүйде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі бұдан өзге XIX ғасырдың тарихи политцмейстер ғимаратының күрделі жөндеу жұмысымен танысты.  

Нысандарды жөндеуден өткізіп жатқан мердігердің өкілдерімен жұмыс процесін талқылап, сапалы және уақтылы аяқтаудыттапсырды.

Сонымен бірге аудан әкімі Хан Ордасы ауылында салынып жатқан екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, сапасымен танысты.

Салынып жатқан тұрғын үйлер мұқтаж кезегінде тұрған әлеуметтік осал отбасыларға осы айда пайдалануға беріледі.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале