Warning: session_start(): open(/tmp/sess_t0nm3m0tlbasrjgvj98gu6c6u3, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Бөкей ордасының әкімі Светлана Сатыбалдиеваны қабылдады - официальные новости ЗКО
13.12.2024, 16:00
Оқылды: 184

Бөкей ордасының әкімі Светлана Сатыбалдиеваны қабылдады

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов аудандық ветеринариялық зертхана басшысы Светлана Сатыбалдиеваны қабылдап, құрмет көрсетті.

IMG-20241213-WA0060

– Институт бітіріп, туған ауылыңызға кеп қызметке тұрдыңыз. Қарапайым маманнан басшы лауазымына дейін көтеріліп, осы басшылық қызметті абыроймен атқарып келдіңіз. Мал баққан ауылдың үлкенді-кішілі азаматтары сіздің еңбегіңізді біледі, құрметтейді. Қырыққа жуық жыл бір орында қызмет ету табандылықтың белгісі болса, зейнет жасына абыроймен жетудің өзі бір зор жетістік, - деп аудан басшысы Светлана Иданқызының иығына шапан жауып, алғысхат пен гүл шоғын табыстады.

IMG-20241213-WA0053

Жиынға қатысқан сала басшылары да мерейжас иесіне ізгі тілектерін білдірді.

IMG-20241213-WA0059

Шара соңында Светлана Сатыбалдиева да сөз алып, құрмет көрсетіп жатқан басшылыққа ризашылығын білдірді.

Анар Артықбай
Суретке түсірген Жарқынай Салимова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале