Бүгін Бөкей ордасы ауданы орталығындағы "Береке" базарында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде сайқындық саудагерлер сиыр еті, тартылған ет, қымыз, сүт өнімдері, қиярды саттыққа шығарды. Оған қоса тауық асырап, табыс тапқысы келетіндерге балапан да сатылды. Ұялы, Саралжын ауылынан келген кәсіпкерлеріміз май, құрт, сүт өнімдерін сөреге шығарды.
Айт қарсаңында ұйымдастырылғандықтан бұл жәрмеңкеде тірілей қойлар да сатылымға шығарылды.
Жәрмеңкеге шығарылған барлық өнімдер бір мезетте өтіп, саудагерлеріміз де, тұтынушыларымыз да мәре-сәре болды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы