15.06.2024, 15:00
Оқылды: 56

Бөкейде Айт алдындағы жәрмеңке өтті

Бүгін Бөкей ордасы ауданы  орталығындағы "Береке" базарында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

IMG-20240615-WA0024

Жәрмеңкеде сайқындық саудагерлер сиыр еті, тартылған ет, қымыз, сүт өнімдері, қиярды саттыққа шығарды. Оған қоса тауық асырап, табыс тапқысы келетіндерге балапан да сатылды.  Ұялы, Саралжын ауылынан келген кәсіпкерлеріміз май, құрт, сүт өнімдерін сөреге шығарды.

IMG-20240615-WA0029

Айт қарсаңында ұйымдастырылғандықтан бұл жәрмеңкеде  тірілей қойлар да  сатылымға шығарылды.

IMG-20240615-WA0036

Жәрмеңкеге шығарылған барлық өнімдер бір мезетте  өтіп, саудагерлеріміз де, тұтынушыларымыз да мәре-сәре болды.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале