Бөкей ордасы ауданында 25 қазан – Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.
Аталмыш жиынға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Біржан Меңешов, мемлекеттік қызметкерлер және ауыл белсенділері қатысты.
Әдеттегідей, салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнінен басталды.
Өз кезегінде аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Біржан Меңешов барша жерлестерімізді Республика күнімен құттықтады.
- Жалпы 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. Сонау 1990 жылдың дәл осы күні мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси- құқықтық негіздері жарияланды. Бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы болатын.Ал бүгін тәуелсіз мемлекетте, көк аспан астында аталмыш мерекені тойлаудамыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! - деді Біржан Меңешов.
Жиын барысында Республика күніне орай бөкейордалықтар да үн қосып, Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңіне челенджін орындады.
Ал кішкентай өнерпаздар «Орда гүлдері» би ансамблі «Қара жорға» биін тарту етсе, Рауан Қажығалиев «Мен қазақпын» әнімен көрермендердің ду-қол шапалақтарына ие болды.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz