12.05.2024, 12:00
Оқылды: 55

Бөкейде Жәрдемов жүлдесі тігілген турнир өтті

Бүгін Бөкей ордасы ауданы орталығында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан КСРО шебері, ҚР-ның Құрметті спорт қайраткері, Бөкей ордасы ауданының "Құрметті азаматы" Жұбаныш Жәрдемовті еске алуға арналған дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті.

IMG-20240511-WA0144

Турнир қазақ күресінен өтті.

Аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен турнирге Сырым, Ақжайық, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының 2012-2014 жылғы жасөспірімдері қатысты.

IMG-20240511-WA0145

Біртуар тұлғаның атындағы турнирдің ашылу салтанаты аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың құттықтау сөзімен ашылды. Аудан басшысы шақырулы қонақтарға "қош келдің!" айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир қонағы, Жұбаныш Жәрдемовтың үзеңгілес досы Рафхат Ашенов айтулы азамат туралы естелігімен бөлісіп, турнирді дәстүрлі түрде өткізіп, Ж.Жәрдемовты мәңгі есте сақтауға қызмет еткен аудан басшылығына ризашылығын білдірді. Балғын балуандар бақ сынаған бұл турнирде командалық есеп бойынша Бөкей орда ауданы І орын, Жәнібек ауданы ІІ орын, Сырым ауданы ІІІ орын иеленді.

IMG-20240511-WA0150

Жарыс жеңімпаздары диплом, медаль, чемпиондық белбеу және ақшалай марапатталды.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале