18.08.2020, 17:53
Оқылды: 17

Бөкейлік спортшылар марапатталды

Спорт күніне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Жоламан Сисенғалиев айтулы күнге орай ауданның бұқаралық спорттың дамуына өзіндік үлес қосқан бөкейліктерге облыстық спорт басқармасы басшысының алғысхатын арнайы барып табыстады.

sport (3)

 

Бүгінде М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі Руслан Жахатовтың спорт саласына қосқан үлесі орасан. Руслан Каспиұлы бірнеше жыл спорт саласын басқарып сүбелі үлес қосса, аудандық, облыстық жарыстарға да белсенді қатысып, бірнеше мәрте марапатқа ие болды. Ол жеңіл атлетикадан да, жүзуден де жүлделі орындардан көрініп, волейболдан командалық ойында белді спортшы екенін көрсете білді.

sport (2)

Марапатқа ие болғандардың бірі Қайырбек Сүндетов те ардагер-спортшы. Оның да жетістіктері айтарлықтай. Қайырбек Кәрімұлы жас кезінен самбо күресінен алдыңғы саптан көрініп, үстел теннисінен де шеберлігін байқатты. Сонымен аудандық жарыстарға төреші болып, жас палуандардың шеберлігін саралады.

Мейрамбек Омарғалиев болса, өз білген-түйгенін өскелең ұрпаққа үйретіп, спортқа баулып жүрген бапкер. Тәлімді бапкердің Артур Байымбетовтей шәкірті 2004 жылы Эстония елінде Марду қаласында өткен жастар арасындағы гір тасын көтеруден әлем чемпионатында чемпион атанды.

sport (4)

Алғысхатқа иеленгендердің бірі Рахим Қожағалиев те пауэрлифтингтен облыс чемпиондарын және Қазақстан Республикасының төрт чемпионын дайындаған бапкер.

Мүмкіндігі шектеулі Алманияз Қаналиев қол күресінен ешкімге дес бермеді. Айта кетелік, айтулы жетістіктерімен көпке танылған бес спортшымыздың марапаттары сайқындықтарға барып тапсырылса, округ спортшыларына алғыстары жуырда жеткізіледі.

Раушан Аппақова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале