1.11.2025, 12:30
Оқылды: 174

Бөкейлік ұстаздар үздіктер қатарынан көрінді

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Зерделі ұстаз» олимпиадасының облыстық кезеңінде Бөкей ордасы ауданының командасы І орын иеленді.

FB_IMG_1761923387844

Бұл жеңіс — ұстаздар қауымының қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің айқын дәлелі.
Бөкей ордасы ауданынан қатысқан 10 педагог пәндік білім, педагогикалық әдіс-тәсілдер және функционалдық сауаттылық бағытында өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.

FB_IMG_1761923382735

Бұл жетістік — аудан педагогтарының бірлігі мен ынтымағының, өз ісіне деген сүйіспеншілігінің жемісі.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале