Бөкей ордасы ауданында "Ұстаз деген – жарық күні ғаламның!" атты Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
- Ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық әрі сұранысқа ие қадірлі де қастерлі, мәртебелі мамандық болып қала береді.«Әр адамның артында ұстаз тұрады. Сондықтан ұстаздар Тәуелсіздік тұғырында еліміздің туын желбіретті десек артық болмас. Өскелең ұрпаққа халқымыздың баға жетпес жетістігі – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әрбір қазақстандықтың басты міндеті екенін ұғындыру керек, - деп сөз бастаған аудан әкімінің м.а Біржан Меңешев білім саласындағы жүзеге асқан бірқатар оң үрдістерге тоқталып өтті.
Бұдан соң ерекше белсенділігімен, қажырлы еңбегімен көзге түскен ұстаздарға аудан әкімінің, облыстық, аудандық білім беру бөлімдерінің, «AMANAT» партиясының және «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы» орталық комитеті мен облыстық, аудандық филиалының алғысхаттары, сый-сыяпаттары ұсынылды.
Салтанатты рәсім аудан өнерпаздарының мерекелік кешіне ұласты.
Арай Есмағұл,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz