5.06.2022, 19:00
Оқылды: 36

Бөкейліктер белсенділік танытуда 

Бөкей ордасы ауданының тұрғындары еліміздегі саяси маңызды науқанға белсенділікпен қатысуда. Аудан орталығындағы
N75 учаскеде дауыс беру қарқынды.

E627FDB2-85AB-4C31-A6DA-36E87D73C059
- Дауыс беру басталған жарты сағатта 58 адам келді. Жеміс Танашева апамызды ерекше айтып кеткім келеді. Ол сайлауға Нұр-сұлтан уақытымен, яғни жергілікті уақытпен айтқанда сағ 06:15-те келді. Жай келмей, гүлін алып, әдемі киініп келіпті. Азаматтық белсенділікті осы аға буыннан үлгі етсек, жақсы болар еді, - дейді учаскелік комиссия төрағасы Тілеген Кадимов.

2A082F33-A89B-4EE4-B239-0DAC693F7E71
Аталмыш учаскеде 13 көшеден 956 сайлаушы тіркелген.
Ашылу салтанатында аға буыннан Меңдібай Қаресов, алғаш рет дауыс берген Фархад Камаловтарға сый-сияпат табысталды.
- Сағат 11:00-ге дейін 6052 азаматымыз бюллетень алды. Яғни дауыс берушілердің 65%-ы өз таңдауларын жасады, - дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпанов.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале