Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өткен педагогика қызметкерлерінің биылғы республикалық тамыз кеңесінің тақырыбы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» деп аталғаны баршаға мәлім.
Осы кеңесте мұғалімдер үшін ең жоғарғы марапат Ы.Алтынсарин төсбелгісімен 23 ұстаз марапатталды. Олардың арасында Бөкей ордасы аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығы директоры Мереке Махимов бар. Облыс бойынша ұсынылған бес үміткердің ішінен жерлесіміздің марапатқа ие болуы әрине, зор абырой.
Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА,
Бөкей ордасы ауданы