Бүгін Шыңғырлау аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновті еске алуға арналған бокстан 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ауданда дәстүрлі жарысқа айналған, биыл 30-ыншы рет өткізіліп отырған еске алу шарасында Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев, Е.Ишекеновтің бауыры Нұрлыбек Қалиев пен бірінші бапкері Александр Пятин өз тілектерін арнап, спортшыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Ә.Жұбаниязов пен А.Хибашов әнмен көркемдеді.
Турнирге Ақтөбе, Атырау облыстарынан, Ақжайық, Жәнібек, Шыңғырлау аудандарынан, Ақсай, Хромтау қалаларынан, барлығы 20 команда қатысып, төрт күнге созылатын бәсекеде 300-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақтарын сынамақ.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz