20.08.2021, 16:22
Оқылды: 56

Болашақта дөңгелек жөндеу орталығы ашылды

Казталов ауданына қарасты Болашақ ауылында жеке бизнестерін ашып, кәсіппен айналысып жатырған азаматтар қатары жетерлік. Соның бірі ауыл тұрғыны Жамбыл Имашов ағамыз.

е1

Жамбыл ағамыз нәтежиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант иеленіп, өзінің жеке дөңгелек жөндеу орталығын ашты. Бұл орталық Болашақ ауылы, Мереке көшесі №4 мекен жайында орналасқан. Бүгінгі таңда ауыл орталығынан ашылған орталық қызу жұмыс жасауда.

е2

- Бүгінгі таңда ашқан кәсібіміз ауыл тұрғындары үшін тиімді деп ойлаймын. Ауыл тұрғындары ғана емес көрші ауылдардан да келіп көлігінің дөңгелектерін жөндетіп жатады. Көршілес тұрған Жаңатаң, Аққурай, Көпкүтір секілді елді мекендердің де тұрғындары келіп жатады. Қызметімізді енді ғана бастап жатырмыз, бірақ, орталыққа келген ауыл тұрғындары үшін әр қашан қызмет етуге дайынбыз, - деді.

 

Райымбек Саматов,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале