Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жаңа басшы тағайындалды.
Ол лауазымға Ерлан Аронов тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны аудан әкімі Асланбек Сарқұлов таныстырып, Ерлан Нұрланұлының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Ерлан Нұрланұлы 1994 жылдың 30 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2015 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін көлік, көлік техникасы және технологиялар мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы Казталов ауданы әкімі аппаратынының жастар практикасының машықкері болып бастаған.
2017-2020 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің маманы;
2020-2021 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы;
2021-2022 жылдары Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;
2022 жылдың қазан айынан бастап Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz