29.11.2023, 10:15
Оқылды: 407

Бөлімге жаңа басшы тағайындалды

Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жаңа басшы тағайындалды.

IMG20231129084027

Ол лауазымға Ерлан Аронов  тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны аудан әкімі Асланбек Сарқұлов таныстырып, Ерлан Нұрланұлының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ерлан Нұрланұлы 1994 жылдың 30 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

2015 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін көлік, көлік техникасы және технологиялар мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2017 жылы Казталов ауданы әкімі аппаратынының жастар практикасының машықкері болып бастаған.

IMG20231129084021_01

2017-2020 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің маманы;

2020-2021 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы;

2021-2022 жылдары Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;

2022 жылдың қазан айынан бастап Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале