2.05.2024, 22:00
Оқылды: 68

Бөлімнен кетсе де, теректіліктердің көңілінен кетпейді

Бүгін Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиевті қабылдап, басқа қызметке ауысуына байланысты шығарып салды. 

FB_IMG_1714660868717

Теректі ауданында төрт жылға жуық жұмыс істеп, өзінің кәсіби біліктілігімен дараланған Рауан Таңатжанұлына аудан басшысы Әлия Биғазықызы сәттілік тіледі.

- Өзімді басқа қырымнан ашып, өзге саладан көргім келді. Осы уақытқа дейін Теректі ауданының гүлденуі үшін барын салған сіздердей жандармен әріптес болғаныма қуанамын. Ел қызметінде абыройлы болайық, - деді Рауан Сатыбалдиев өз сөзінде.

FB_IMG_1714660870987

Ол бөлім басшысы болмастан бұрын ақпарат саласында қалам тербеп, ел дамуына үлес қосатын әртүрлі жұмыста озық көріне білді. Ішкі саясат бөлімінің қайнаған жұмысына тікелей жауапты болып, жүрегі қаймана қазақ деп соққан білікті басшыға әріптестері де ақ тілегін жаудырды.

Асыл Қазына,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале