«Жайық Пресс» медиахолдингінің Бөрлі аудандық филиалы «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы болып Дариға Нұрашева тағайындалды.
«Жайық Пресс» медиахолдингінің директоры Рауан Сәбитұлы жаңа басшыны ұжымға таныстырды.
-Дариға Кеңесбайқызының ақпарат саласында тәжірибесі мол. Газеттің тамырына қан жүгіртіп, редакцияның жұмысын дөңгелетіп алып кетеріне сенемін. Ұжымға ауызбіршілік, шығармашылық жолда жетістіктер мен толайым табыстар тілеймін, - деді Рауан Сәбитұлы.
Дариға Нұрашева бұған дейін Бөрлі ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарды.
Мейрамбек Cыдықов,
Бөрлі ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер