Бөрлі аудандық өлкетану музейі күрделі жөндеуден өтіп, келушілерге есігін айқара ашты.
Пайдалануға берілген музейді бүгін ауданға іссапармен барған облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов аралап көрді.
Жарқырап үйлесім тауып, тарихтан сыр шертіп тұрған әр залда ақпараттық, сенсорлық экрандар қойылған. Аудандық музейдің негізін қалап, алғашқы басшылық қызметін атқарған ардагерлер С.Хабиұлы мен Б.Жолдығалиқызы жаңа бастамаларға жүрек жарды тілегін арнап, қазақы дәстүрмен шашу шашты.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер