23.04.2024, 23:55
Оқылды: 58

Бөрлі ауданы: 11,2 шақырым бөгет салынды

Су тасқыны орын алуы мүмкін Жайық өзенінің бойында орналасқан Бөрлі ауданындағы Жарсуат, Бумакөл, Бөрлі, Қанай және Облав ауылдарында қауіп әлі де сейіле қойған жоқ. Бүгінде Жайық өзенінің деңгейі бір қалыпты сақталуда. Тейісінше, су тасқынына дайындық жұмыстары бәсеңдеген жоқ. Аталған ауыл мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшті. Ал жағалауды бекіту жұмыстары тәулік бойы атқарылып жатыр. 

су тасқыны (2)

Жалпы, топан су басу қауіпі бар елді-мекендерді тасқын судан қорғау мақсатында аудан бойынша 11,2 шақырым бөгет салынды, оның 9,8 шақырымы Жайық өзенінің бойында.

132 100 құм салынған қап дайындалды. Бұл жұмыстарға 108 техника, 658 адам жұмылдырылды.

Оның ішінде жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен бастап, ТЖ қызметтері, жергілікті ұйымдар, еріктілер жұмылдырылды. Облыс орталығынан және Қызылорда облыстық арнайы операциялар күштері қолбасшылығының 66597 әскери бөлім басқармасы және материалдық- техникалық қамтамасыз ету ротасы жеке құрамы көмекке келді.

су тасқыны (1) (1)

Төтенше жағдай басталғалы аудандағы волонтёрлық пункке жиналған гуманитарлық көмекті қоғамдық штаб тасқын суға кеткен ауыл тұрғындарға, эвакопунктерге және су тасқынына қарсы жұмыс жасап жатқан ауылдарға жеткізілуде. Ауданымызда тасқын суға қарсы жұмыстарға жанашыр жандар қолынан келгенше көмек көрсетуде. Бүгін де ауданымыздың Аналар кеңесі мүшелері етікпен су кешіп аянбай еңбек етіп жүрген құтқарушыларға ыстық шәй мен бәліштерін дайындап қолдарынан келген көмектерін көрсетуде. Аудан әкімдігінің бір топ мемлекеттік қызметшілері ауыл, ауылды аралап аманаттарын табыстады. Су тасқынының алғашқы толқынында Ақсу ауылы зардап шеккен болатын. Тұрғындардың бір бөлігі өз үйлеріне оралса, қазіргі уақытта уақытша баспаналарда тұрып жатқандар да бар.

Облыстық штабтан келген гуманитарлық көмек (азық-түлік, гигиеналық заттар) Ақсу ауылдық округінің 60 отбасына жеткізілді.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале