23.08.2026, 18:06
Оқылды: 15

Бөрлі ауданы: Ақбұлақ пен Бумакөл тұрғындары белсенділік танытуда

Бөрлі ауданынан қарасты Ақбұлақ ауылдық округіндегі №102 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жалғасуда.

photo_5213267850221526839_y

Аталған учаскеде 462 тұрғын тіркелген. Тұрғындар отбасыларымен және ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасауда. Бұл учаскеде Нариман Ескендір алғаш рет дауыс берді. Оған комиссия төрағасы арнайы сыйлық табыстады.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 18.02.35

Сондай-ақ мектеп ұжымы қазақы нақышта киініп келіп, учаскеге сән келтірді.

Учаскеде «Әділет», «Қазақстан халық партиясы», «Дауыс» және «Ақсай-Қамқор» қоғамдық бірлестіктерінен байқаушылар жұмыс істеуде.

photo_5213267850221526842_y

Қазіргі уақытта 200-ден астам тұрғын таңдау жасап үлгерді.

Ал Бумакөл ауылдық округінде орналасқан №110 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді әрі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Атап айтқанда, Мектеп көшесінің тұрғындары ұйымдасқан түрде келіп, таңдау жасауда. Тұрғындар дауыс беруге отбасыларымен бірге келіп, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін киіп, сайлау науқанына ерекше көңіл-күймен қатысып жатыр.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 18.02.35 (1)

Сонымен қатар ауылдағы барлық мекеменің қызметкерлері дауыс беріп, азаматтық белсенділік көрсетуде. Учаскеде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген. Дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес, еш кедергісіз жалғасуда.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале