Ақсайда Жастар жылына орай волейболдан дәстүрлі Бөрлі ауданы әкімінің кубогі үшін ерлер арасында аудандық ашық турнир өтті.
Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жарысқа биыл 15 команда қатысты. Екі күнге созылға тартысты турнирге биыл Ресейдің Самара қаласы, Ақтөбе облысының Қобда ауданы, облысымыздың Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарынан командалар келді.
Бірінші орынға талас «ҚПО» және «Жаңақала» командалары арасында өтті. Шеберліктері мен ептіліктері арқасында «ҚПО» волейболшылары ойынның үш кезеңінде алға шығып, жаңақалалық жігіттерді жеңіп кетті.
Жарыс қорытындысында әкім кубогін «ҚПО» командасы жеңіп алды. Екінші орынды Жаңақала аудандық командасы иемденсе, үшінші орынға Қаратөбе ауданының командасы ие болды.
Айым Нұрғалиева
Бөрлі ауданы