25.10.2025, 9:30
Оқылды: 199

Бөрлі ауданы: Бумакөлде мәдениет үйі ашылды

Мереке қарсаңында Бумакөл ауылында да мәдениет үйі қайта жөндеуден өтіп, халық игілігіне қолданысқа берілді.

бу

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» қаржыландыруымен «West Develoment Compony», «GA Field Solutions» компаниясының жұмыстануымен аталған нысанның жөндеу жұмыстары сәтті аяқтаған.

бумаа
Ашылу салтанатына жиналған қонақтар мен ауыл тұрғындары дәмнен ауыз тиіп, мәдениет үйінің концерт залына жайғасты.
Ауыл тұрғындарын алдымен Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д. Имашев құттықтап, бір қатар марапаттаулар ұсынды. Олардың қатарында ауылдық мәдениет үйінің күзетшісі- Ә. Габдулов, Еңбек қорғау және қауіпсіздік механикасы инженері – Б.Амангелдиев және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компания «West Develoment Compony» өкілі бар.

ьу
– «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Осы орайда ауданымызда мәдениет саласын дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның бірі осы мәдениет үйлерінің қайта жаңғыруы. Бұл күн көптен күткен ауыл тұрғындарының қуанышы деуге болады. Бүгінгі заманда мәдениет, өнер және кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүгін де Қазақстан еңсесін тіктеп, жан-жағына жақсы атымен танылған жайсаң жұртқа айналды. Экономикалық дамудың оң жолын қалыптастырды. Осы орайда, ел мәдениеті де жарқырай түсіп, халық арасынан рухани кемелденген небір талантты, небір дүлдүл ақын, жазушылар шығып Қазақ елінің атын әлемге танытуда. Ауыл өнерпаздарына халықтың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатындағы игі істеріне сәттілік тілеймін!,- деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Бауыржанұлы.
Одан әрі ауыл тұрғындары көркемөнерпаздардың мерекелік концертін тамашалап, өз ретінде ризашылықтарын да білдірді.

буууума
«Осы ауылда туып өстім. Балалық, бозбалалық, жігіттік шағымыз осы ауылда өтті. Талай қызықты кештер, кино қойылымдар осы ауыл мәдениет үйінде болды. Қазір осы оқиғалардың бәрі тарих, тіпті ертегі секілді көрінеді. Міне, осындай мазмұнды кештерімен ауылдағы мәдениет үйі – қаншама адамға ізгілік дәнін сеуіп, өнерді сүюге тәрбиеледі. Бүгінгі күні де көңілім толып, бір жағынан толқып та тұрмын. Шүкір, керемет замандамыз. Барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Тек ел іргесі тыныш болып, бейбіт заман болсын!»,-деді ізгі тілегін арнаған ауыл ақсақалы С. Жексенбаев.

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале