21.01.2026, 17:45
Оқылды: 108

Бөрлі ауданы - үздік олимпиадалық командалар қатарында

 

Жақында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Орал қаласындағы №51 мектебінде 13 пән бойынша өткізілді. Аталған білім бәсекесінде Бөрлі ауданының оқушылар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – ауданымыздағы білім сапасының, оқушылардың мақсатты дайындығы мен ұстаздар еңбегінің нақты көрсеткіші.

үздік олимпиада

Облыстық кезеңге Бөрлі ауданынан 25 оқушы жолдама алып, олардың 11-і жүлделі орындарға ие болды. Оқушылар түрлі пәндер бойынша өз білімдерін ортаға салып, терең дайындықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. ІІ орын иегерлері атанған — орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Ақсай қаласының №5 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Алина Ахмерова, мұғалімі Макпал Мухамбетова. Химия пәнінен Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Максим Жетешов, мұғалімі Жанар Имангалеева. Құқық негіздері пәнінен Ақсай қаласының №1 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Дильназ Нияр, мұғалімі Ұлжан Чунгульбаева.

ІІІ орын иегерлері қатарында биология пәнінен Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрай Қуанәлі, мұғалімі Алмагүл Айсагалиева. Қазақстан тарихынан Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Алан Анока, мұғалімі Альфия Баймукашева. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Адель Ұзақбаева , мұғалімі Айымгүл Успанова. Ағылшын тілі пәнінен Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Батырбек Есетов, мұғалімі Яна Голикова. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Аягөз Кушкинова, мұғалімі Нұрзия Жайсангалиева. Орыс тілі мен әдебиеті — Бөрлі ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы  Алина Шепель, мұғалімі Евгения Складанюк. География пәнінен Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Айару Наурызбаева, мұғалімі Сания Тургунбаева.

үздік олимпиада

Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Батыр Дуйсенғалиев, мұғалімі Надежда Самойлова. Сонымен қатар, бірқатар оқушылар облыстық кезеңде белсенділік танытып, алғыс хаттармен марапатталды. Бөрлі ауданының олимпиадалық командасының бұл жетістігі — оқушылардың қажырлы еңбегімен қатар, оларды білім биігіне жетелеген ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі деп білеміз.

 

Анаргүл Шамбай

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале