9.05.2021, 22:11
Оқылды: 87

Бөрлі ауданында 100 отбасыға ауызашар таратылды

Қасиетті Қадір түнінің құрметіне Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің ұйымдастыруымен және Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің қолдауымен қала тұрғындарына 100 ауызашар қоржыны таратылды.

 а1

«Шараның ұйымдастырудағы басты мақсат – аудан тұрғындарына ислам діні бөлінушілік емес, біртұтастық, бұзғыншылық емес, бауырмалдылық дін екенін білдіру», - дейді ұйымдастырушылар.

“Ауызашар беру – өте үлкен сауап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі.

а2

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады» (Бәйһақи) деген сөзі бар.

«Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамызды, Қадір түніндегі дұғаларымызды Алла қабыл етсін. Қасиетті айдың құрметіне ауызашар ұйымдастырылып отыр. Осындай игі істеріміз молынан болсын!», - дейді Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.

 

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале