Бөрлі ауданында әскери-экономикалық оқу-жаттығулар басталды. Күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігі, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен қорғаныс бөлімдерінің басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залында оқу-жаттығу жоспарымен танысты.
Қазіргі кезде оқу-жаттығуға шақыртылған 85 әскери міндетті азаматтар мәдениет үйінің алдында сап түзеп, аудандық Қорғаныс істері жергілікті бөлімінің мамандарымен алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Әскери міндетті шақыртушылар 10 күндік оқу-жаттығудан өтеді.
Аслан Нұразғалиев
Бөрлі ауданы