11.09.2024, 17:45
Оқылды: 135

Бөрлі ауданында діни ахуал қалай?

Кейде қоғамда «мешіт көп салынып кетті» деген сөз айтылып қалады. Аллаға шүкір, мемлекеттің көмегімен мектептер мен балабақшалар салынып жатыр. Ал жомарт жандардың, сауап іздеген азаматтардың қамқорлығымен мешіттер бой көтеруде.

9E543D4B-0EB2-4AFA-A38C-809795C17206

Сайып келгенде, бізге мешіт те, мектеп те керек. Екеуін бір-біріне қарсы қою дұрыс емес. Адам тәні азық-ауқатқа қандай тәуелді болса, біздің жанымыз да рухани азыққа сондай тәуелді. Рухани азық беретін бірден-бір орда – мешіт.

Мешіттің атқаратын қызметі, қоғамдағы орны өте үлкен. Мешіт – руханият ордасы, оқу-білімнің орталығы. Себебі мешіттеріміз тек құлшылық жасайтын орын ғана емес, діни сауат ашатын, сәбилерге азан шақырып ат қоятын, жаңадан отау құрған жас жұбайлардың ақ некесін қиятын, дүниеден өткен аяулы жандарға Құран оқытып, дұға бағыштайтын, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалатын, қиналған адамдарға рухани қолдау көрсететін мейірім мекені.

Халқымызда «Азаны бар ауыл азбайды» деген нақыл бар. Мешіт – сүйіспеншілік пен бауырмалдықтың, игілік пен ізгіліктің, бірлік пен мейірімділіктің, барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені.

C7753ED7-F993-46E3-93AF-E1D8EA986C66

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті де қазіргі таңда аудандағы діни ахуалды жақсартуға, елдің бірлігі мен халықтың діни сауатын тереңдетуге қызмет жасап келеді. Демеушілердің қолғабысымен бүгінгі күні мешіттің жанында асхана салынып, құран оқитын бөлме ашылып жұмыс одан әрі жандану үстінде. Мешіттің жоспары бойынша жасалып жатқан жұмсты білу мақсатында ауданның бас имамы Ерденбек Ихсановқа бірнеше сауалымызды жолдадық.

  • Оқушыларға арналған жазғы сауат ашу лагері қалай ұйымдастырылды?
  • Мешіт жамағытымен қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
  • Бүгінгі таңда аудандағы діни ахуал қандай? Әлеуметтік желіде қандай жұмыстар жасалуда?
  • Мешіт асханасының жұмысы қалай ұйымдастырылды? Садақадағы аста-төк дастарханды азайту бойынша түсінік жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?

1. Бөрлі ауданында жылдағы дәстүр бойынша мешіт жанынан балаларға арналған сауат ашу курсы өз жұмысын жүргізді. Мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен шәкірттерге Құран әліппесі, Ислам әдептері, ғибадат, пайғамбарлар тарихынан сабақтар жүргізілді.

Жазғы сауат ашу курсы – балаларға ойын ойнатып, қызықтыра отырып, тәрбие мен білімнен сусындататын орын. Сондықтан сабақ барысында ұлттық құндылықтар, ата-анаға құрмет, исламдағы тазалық, білімге деген ниет, білімге құштарлық танытып ден қою секілді маңызды дүниелерді бал бойына сіңіруге тырысамыз. Одан бөлек балалардың демалысын көңілді өткізу үшін қаланың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды, білім сайыстары өткізілді.

7A84FD29-0518-4816-8AA9-5D70D4095DC4

2. Жамағаттың татулығы мен бірлігі аса маңызды. Өйткені жамағат өзара тату болмай мешіттің жұмысы алға баспайтыны айпаса да түсінікті. Сол себепті жамағатпен үнемі тығыз жұмыс жасап отырамыз. Біздің дәстүрімізге сай әр апта сайын мешіт жамағатымен футбол ойнаймыз. Бұл алдымен салауатты өмір салтын сақтауды насихаттаса, екіншіден мешіт жамағатының бір болуына, сайысқа түсе отырып, өзара тіл табысуына үлкен сеп болады. Сонымен қатар жиі-жиі білім сайыстарын ұйымдастырамыз. Қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып білім сайыстарын өткіземіз. Құптап мен шам намазынан кейін көбіне дәрістер өткізіледі. Кейін сол алған дәрістер бойынша қорытынды жасау мақсатында білім сайыстары ұйымдастырылады. Барынша қатысушыларды құр қол қайтармай шағын сый-сыйяпат үлестіреміз.

3. Бүгінгі күні әлеуметтік желінің әлеуеті өте үлкен екенін көзіміз көріп отыр. Сол септі біз де өз жұмысымызды барынша әлеуметтік желі арқылы айналаға көрсетіп отырамыз. Инстаграмда Aqsaidin атты парақшамыз бар. Фейсбук алаңында да ақпарат таратып отырамыз. Өткен іс-шаралар туралы, мешіттің жасалған жұмыстары жариялананып отырады. Сонымен қатар апта сайын түрлі тақырыптардағы уағыз-насихат бейнероликтері салынады. Барлық қажетті ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан көре аласыздар.

4.  Қазақтағы «Қазалы үйде үш күнге дейін қазан асылмасын» деген сөздің шариғатта негізі бар. Қонақтар үшін арнайы дастархан жайылып, қазалы жандарға ауыртпалық түсірудің жөні жоқ. Тағамды туысқандары, жора-жолдастары немесе көршілері үйінде жасауына болады. Өздері жақындарынан айрылып қайғырып отырған үй иелеріне тамақ әзірлетіп, кісі күттіріп қою шариғаттың талабы емес. Қазіргі садақа дастарханы тойдың, қуаныштың, салтанатты мерекенің дастарханынан кем емес. Шариғатта жұртқа тамақ таратудың сауапты іс екендігі аят пен хадистерде баяндалады. Бірақ ысырапшылдық пен бәсекелестікке тыйым салады. Мүмкіндіктен тыс қиындыққа негізделген аста-төк ас беруді бұйырмаған. Дінімізде міндетті түрде қарызданып немесе өзіне жетпей жатқан қажетті қаржыны жұмсап, марқұм атынан мал сойып, садақа бер деген үкім де, талап та жоқ. Марқұмның атынан жақсылық жасаудың түрі көп. Оны кез келген уақытта шама-шарқына қарай орындауға болады. Садақа мен астарда дүниелік әңгімелер емес, діни насихат айтылуы тиіс. Өйткені мұндағы басты мақсат – Алла тағаланың разылығына жету, марқұмның өмірде істеген күнәлары үшін жарылқау сұрап, атынан беріліп жатқан садақаның Құдай тағаланың құзырында қабыл болуын жалбарына тілеу.

Жалпы марқұмдардың атынан жасалатын жақсылықтардың түпкі мәні осы. Ал басқадан кем болмайын деп бәсекеге бағытталған, елден асайын деп мақтаныш үшін берілетін астың сауабы шамалы. Қаза дүниелік мүддені, пенделік пиғылды паш ететін, тамақ ішетін жер емес. Әрнені айтып әңгімеге, әзіл-күлкіге айналдыратын жайт та емес. Қаза бар, қазалы жандар бар, оларға көңіл айта келген, қазасына ортақтасатын жұрт бар. Ең бастысы осы. Бүгін бір үйге келген қаза ертең басқа шаңыраққа да жетеді.

Өкінішке орай, соңғы кездері ас беру кезінде жарыса тілек айту, сөз сөйлеу үрдісі байқалып отыр. Ас үстінде ғибратты әңгімелер мен уағыздар айтылып, жұртты имандылыққа шақырған дұрыс. Садақа мен ас той емес, жарыса сөз сөйлеу дұрыс емес. Садақаның дастарханы қарапайым болғаны абзал.

Дастарханда шелпек, бауырсақ, кәмпит, печенье, құрма, өрік, ірімшік секілді тағамдар болса жеткілікті. Садақаға жұрт тою үшін емес, ауыз тию үшін келеді. Шариғат қарапайымдылықты талап етеді. Осы бойынша да түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Мешіт жанынан қызмет көрсететін асханада садақа жасайтын кезде дастархан мәзірін асхана қызметкерлері өздері белгілеп, кісі санына байланысты есептеп береді. Артық аста-төк дастархан жасауға болматынын айтып, ескіртіп жатамыз.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале