"Halyk bank" пен "Halyk" жеке қайырымдылық қоры бүгін Бөрлі ауданындағы "Сұңқар-Ақсай" қоғамдық бірлестігіне «Газель» көлігін сыйға тартты.
"Сұңқар-Ақсай" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған қайырымдылық шарасы аясында «Halyk ban» мен "Halyk" жеке қайырымдылық қорының өкілдері автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады. Арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған шағын автобус жаңа жыл қарсаңындағы тамашы сый болды. Шағын автобуста екі арба қоятын және төрт отыратын орын бар. Енді бұл шағын автобус өңірдегі 43 тірек қимыл апараты бұзылған жандарға тегін қызмет көрсетеді.
Осы ретте, 2018 жылы "Сұңқар Ақсай" мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеу қоғамы "Спорт арқылы қоғамда мүгедектерді әлеуметтендіру" жобасының арқасында республиканың үздік ҮЕҰ қатарына кіргенін айта кетелік. Бірлестіктегі 1300 кембағал жан ауданның әлеуметтік, мәдени, спорттық шараларына белсене араласып келеді. Сондай-ақ 2015 жылы ашылған "Инватакси" қызметіне бұған дейін тек І топ мүгедектері, көздері нашар көретін , тірек-қимылы бұзылған жандар мен психо-неврологиялық ақауы бар балалар ғана жүгініп келген еді. Өйткені, қызмет көрсететін 2 көлік барлық жанды қамтуға жетпейтін. "Halyk bank" сыйға тартқан арнайы көліктің көмегін енді қосымша 46 арбаға танылған жандар пайдалана алады. Жалпы "Инватакси" жобасының идеясы Халық банкінің 95 жылдығына орай "95 жарқын іс" эстафетасы аясында жүзеге асып отыр. Банк қормен бірге бірқатар қайырымдылық істі жүзеге асырып үлгерді. Мәселен, өткен жылы"Halyk bank" пен халық Қоры Қазақстанның ірі қалаларына 21 арнайы автокөлік берді. Осы жылы игі іс жалғасын тауып, "Инватакси" еліміздің 15 шағын қаласына табысталуда. Жоба басталғаннан бері өңірлерге жалпы құны 336 млн. теңгеден асатын 36 арнайы автокөлік берілді. Қайырымдылық жасау мен өз клиенттері арасында түрлі ақциялар ұйымдастыруда
Айым Нұрғалиева
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер