7.04.2020, 11:28
Оқылды: 35

Бөрлі ауданында карантиндік шектеулер талабын орындамағандарға 22 іс қозғалды

«Covid-19» жұқпалы ауруы таралуының алдын алу мақсатында  БҚО аумағында шектеу енгізілгені белгілі. Тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін және жұмыс орнынан анықтамамен баруға ғана рұқсат етілді. Бірақ шектеулерге бағынбай, тәртіп бұзып жатқандар аз емес.

blokpost (4)

Бөрлі аудандық полиция бөлімі берген ақпаратқа сүйенсек, 29 наурыз бен 6 сәуір аралығында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша 22 әкімшілік іс тіркелген.

Оның ішінде санитарлық нормаларды сақтамай, мемлекеттік орган талабын орындамаған 6 жеке кәсіпкерге қатысты сот шешімі шығарылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Ал қалған 16 іс бас санитариялық дәрігердің №5 қаулысын бұзып, мемлекеттік орган талабын орындамаған тұрғындарға хаттама толтырылып, сот қарауына жіберілді. Олардың қатарында заңды өкілсіз кәмелет жасқа толмаған балалардың қоғамдық орында болуы, тағамдық емес тауар сату және сатып алу, алкогольдік сусын саудасы,  3 адамнан көп жолаушы тасымалы, рұқсатсыз жұмыс жасағандардың істері бар.

 Мөлдір Садырғалиева

 Бөрлі ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале