1.10.2026, 16:15
Оқылды: 11

Бөрлі ауданында қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Бөрлі ауданында «Ардақтайық қарттарды» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Қайырымдылық айлығы аясында өткен басқосуға ауданның ардагерлері, ақ жаулықты әжелер мен ел ағалары қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 12.41.22

Мерекелік шараның мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, ардагерлерге ізет білдіру.

Жиын барысында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ерік Төлепқалиев ардагерлерді мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
Мерекелік шара барысында спортта аудан намысын абыроймен қорғаған ардагерлер де марапатталды. Батыс Қазақстан облысы бойынша зейнет жасындағы ардагерлер арасында өткен VI спартакиадада Бөрлі ауданының құрама командасы командалық есепте ІІ орынға иеленген болатын.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 12.41.22 (1)

Жекелеген спорт түрлері бойынша жүлдеге ие болған ардагерлер қатарында тоғызқұмалақтан І орын алған Айтбай Тастайбеков, шахматтан ІІ орын алған Мұсағали Тілегенов, дойбыдан ІІ орын алған Нұрсұлтан Дарханов, үстел теннисінен аудан намысын қорғаған Жоламан Қазбаевтарға аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 12.41.21 WhatsApp Image 2026-10-01 at 12.41.21 (1)

Сонымен қатар ардагер спортшылардан волейбол командасын жасақтап, дайындаған команданың капитаны Дисенбай Гумаров пен команда құрамында ойын көрсеткен командасының мүшелеріне және ардагерлер командасының өкілі Макеев Бақтығали марапатталды.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 12.41.20 (1)

Шара барысында ардагерлердің құрметіне аудан өнерпазадары әсем әндер орындап, мерекелік көңіл күй сыйланды. Кеш қонақтары ақ дастархан басында бас қосып, өзара пікір алмасып, ізгі тілектерін білдірді.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

WhatsApp Image 2026-10-01 at 12.41.20 (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале