1.03.2024, 22:00
Оқылды: 19

Бөрлі ауданында «Қоржын» қайырымдылық көмек көрсету акциясы басталды

Бүгін Бөрлі аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз Алғыс айту мерекесіне орай БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында «Қоржын» қайырымдылық көмек көрсету акциясы өтті.

fe1ffbfb-2665-4edb-ab74-8a1082b4fb15

Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен ашылды. Қайырымдылық акциясының ашылуы Орал қаласында және Теректі мен Бөрлі аудандарында телекөпір арқылы байланыста өтті.

0a46d536-0a5c-481a-81f8-13980112da87 (1)

Салтанатты шараға БҚО әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетов, ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы М.Т. Құлжан, БҚО ҚХА төрағасы орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.А. Саратов, «Ағайын» қазақ мәдени бірлестігінің төрағасы А.М. Биғалиев және телекөпір арқылы Теректі ауданының әкімі Ә.Б. Мұханбетжанова мен Бөрлі ауданы әкімі Е.Н. Ихсановтар қатысып, мерекемен және акцияның ашылуымен құттықтады.

Жыл сайын БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж 500 отбасын азық-түлікпен қамту үшін осындай акцияларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл акцияның басты мақсаты мұқтаж отбасыларға материалдық және моральдық қолдау көрсету болып табылады.

44ceec68-043c-4645-90ce-92303bd31596 (1)

- Баршаңызды бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні – ең алдымен, өзара сенімділік пен үндестіктің, еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл күн – біздің өткен тарихымызға деген тағзымның белгісі, әр алуан ұлт өкілдерінің бір-біріне өзара қолдау және құрмет білдіруінің айғағы. Туған өлкеміздің өркендеуі жолында бірлесіп еңбек етіп келе жатқан, сіздерге зор алғысымды білдіремін. Ауданымызда атқарылып жатқан берекелі істер аз емес, дегенмен халқымыздың игілігін арттыруда алдағы атқарар жұмыстарымыз өте ауқымды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бірлігіміз бекем болып, еліміздің өркендеуі жолындағы игі істерді бірлесе атқаруға шақырамын. «Ырыс алды – ынтымақ» деген халық даналығының астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық – біздің баға жетпес байлығымыз. Сондықтан қазақ даласын мекен еткен барша ұлт өкілдері үшін татулық бәрінен де қымбат. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін, - деп Бөрлі ауданы әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы аудан халқын мерекемен құттықтап, «Қоржын» қайырымдылық акциясына Бөрлі ауданының дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ бүгінгі шараға ақсақалдар кеңесінің төрағасы, кәсіпкерлер және этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Шара соңында аз қамтылған жанұяларға арналған қоржындарды дайындаған демеушілік көрсеткен облыстық мәслихат депутаты, «Достық» Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Анвар Агаев пен тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлішер Ашурматовты аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы алғысхатпен марапаттады.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале