Бөрлі аудандық №108 сайлау учаскесіне “Күміс той” иелері Клушевтер жанұясы келіп, ел үшін маңызды науқанда өз таңдауларын жасады. Отасқандарына 25 жыл толған отбасы 1 қыз бен 1 ұлдың ата-анасы. Отағасы Нұрболат өрт сөндіру қызметінің жүигізушісі болса, жұбайы Айгүл Жарсуат ауылдық ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

- Бүгінгі референдум сәтті өтуін тілеймін. Ең бастысы қандай өзгерістер орын алып жатса да, барлығы да еліміздің дамуы үшін екенін ұмытпауымыз керек, - дейді Клушевтер жанұясы.
Аталған учаске комиссиясының төрағасы күміс той иелеріне сыйлық табыстады.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы