23.08.2026, 14:20
Оқылды: 16

Бөрлі ауданында шекарашылар дауыс берді

Бүгінгі сайлаудан шекарашылар да тыс қалмады. Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылында орналасқан №108 сайлау учаскесіне «Ақсай» шекара бөлімшесінің шекарашылары барып, өз таңдауларын жасады. Еліміздің тыныштығын күзетіп, мемлекеттік шекараны қорғап жүрген шекарашылар азаматтық міндеттерін орындап, сайлауға қатысты.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 15.15.28 (1) WhatsApp Image 2026-08-23 at 15.15.27

Түгел бөлімше болып келген шекарашылар елімізде өтіп жатқан әр сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершілік деп санайтындарын жеткізді. Шекарашылар қызметтік міндеттеріне қарамастан, маңызыды қоғамдық-саяси науқаннан қалыс қалған емес.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале