ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

27.11.2018, 16:16
Оқылды: 24
Бөрлі ауданында үй кезегінде екі мыңнан астам адам тұр

Облыс әкімінің орынбасарлары Бағдат Азбаев және Бибігүл Қонысбаеваның қатысуымен Бөрлі ауданында «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

аксай (1)

Аудан тұрғындары баспана кезегі, елді мекендердегі медициналық ғимараттардың талапқа сай келмейтіндігі, мұқтаж жандарға көрсетілетін жеңілдіктерге қатысты арыз-шағымдарын айтты.

         Шараға келгендердің көбі тұрғын үй мәселесі, жол салу және жөндеу, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасы, коммуналдық шаруашылық, ауылдағы медицина саласы мамандарының жетіспеушілігі, электр қуатының төмендігі, қала ішілік жолаушылар тасымалы мен құрылыс саласының ахуалы жөнінде қозғады.

         -Бюджет саласында 8 жылдан бері еңбек етіп келемін. Төрт баланың анасымын. Бүгінге дейін басымда тұрақты баспана жоқ. ІІ топтағы мүгедек қызым бар. Пәтерден пәтерге көшіп жүр едім, басшылық жағдайымды біліп вахта қалашығынан бір бөлмелі жатақхана берді. Бірақ өз үйіміздің болғанын армандаймыз. Бүгінгі шараға келіп, жағдайымды айттым. Пәтер кезегімді білдім, - деді Ақсай қаласының тұрғыны Райса Төлеуғалиева.

         -Бүгінгі шарада маған тұрғын үй кезегі, су, цифрландыру, коммуналдық шаруашылық жайында тұрғындар сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарды жазып алдық. Бұл мәселелерді келер жылға жоспарға қоямыз. Ақсай моноқала. 40 мыңға жуық халқы бар. Сондықтан шараны алдымен Бөрлі ауданынан бастауды жөн көрдік. Мәселен, бір тұрғын өз шағымымен келді. Өзі екінші топ мүгедегі. Әрі жалғыз басты ана. Қазір ауданда әлеуметтік әлсіз топқа жататын 2000-нан астам жан тұрғын үй кезегінде тұр. Ақсай қаласында 126 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталады. Бүгінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Жалдамалы үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынады, – деді облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев.

         Шарада айтылған арыз-шағымдар аяқсыз қалмай, жақын күндері жазбаша жауап берілетін болады.

аксай (2)

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале