20.03.2024, 19:00
Оқылды: 13

Бөрлі ауданында ұлттық спорт ұлықталды

«Наурызнаманың» онкүндігі аясында әр күн түрлі тақырыптарға арналғаны белгілі. Осыған сәйкес, 20 наурыз - ұлттық спорт күні болып бекітілді.

WhatsApp Image 2024-03-20 at 11.38.35

Ақсай қаласындағы Теміржол көшесі бойында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлері – асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, қой көтеру, арқан тарту және ләңгі тебуден сайыс өтті. Жарысқа аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қатысты.

borli_sport_1710925657297
Жалпы, ұлттық спорт – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізетіні белгілі. Бұл жарыстың барысында да оқушылардың ұлттық спортқа деген қызығушылықтары байқалды.
Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын жас ұрпаққа түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп жүруге үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

WhatsApp Image 2024-03-20 at 11.39.17

- Наурызнаманың бір күнін ұлттық спорт тақырыбына арнау – бізде ғаламдық деңгейде мақтан тұтатын мұра бар екенін түйсініп, мықты рух пен ерік-жігер тұрғысынан үлгі тұтатын бабаларымызды еске түсіруге себеп деп білеміз. Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес. Онда көшпелі тұрмыстың рухы бар, Ұлы Далада күш-қайрат, ептілікбар. Қазіргі кезде дәстүрлі спорт түрлеріне деген ықылас ел ішінде артып келеді. Бұл да заңдылық, себебі атқа отырып, құс салып, садақ тартқанда, біз ата-бабаларымыздың даналығы осы ұлттық ойындардан көрініс табады. Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырып, салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Дегенмен, айта кеткен жөн. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар тек бұл күн мен шектелмейді. Жыл бойына өткізіп келеміз. Әсіресе, ұлттық ат спортынан түрлі деңгейдегі жарыстар жиі өтеді. Қазір, тоғызқұмалақ, асық ойындарынан жақсы нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларымыз бар, - деп атап өтті аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев.

WhatsApp Image 2024-03-20 at 14.20.52
Жарыстың қорытындысында Саян Утебалиев ләңгі тебуден алдына жан салмаса, қыздар арасында өткен бес асық ойынында Әдемі Саматтың бағы жанды. Ал, асық атудан Азиз Тастайбековтың асығы алшысынан түсті. Ернур Шотаев қойды барлығынан көп көтеріп, мықты екенін дәлелдесі, тоғызқұмалақ жарысында Ислам Тулеуғали мен Саида Тудахуновалар жеңімпаз атады. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған арқан тартыс сайысында аудандық БЖСМ «Грек-рим – 1» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға «Асық ату» командасы ие болса, бұл үштікті «Грек-рим – 2» командасы қорытындыланды. Жарыс барысында балаларға ыстық бауырсақ пен наурыз көже берілді. Жүлдеге ие болған барлық оқушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале