12.06.2021, 19:00
Оқылды: 81

Бөрлі ауданында жаңа имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы болып Ерлан Бауыржанұлы тағайындалды.

IMG_6609

Бөрлі ауданының әкімі Мирлан Сатқанов пен ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев, имамдар Қанат Қаженов пен Ерлан Әйтеновті қабылдады. Бақытжан Құралбайұлы әкімге Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, жаңадан тағайындалған бас имам Ерлан Бауыржанұлын таныстырды. Аудан әкімі Миржан Мұнайдарұлы осы уақытқа дейін Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқарған Қанат Қуанышбайұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

IMG_6614

Жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы  Бас мүфтидің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, жаңадан тағайындалған бас имам Ерлан Әйтеновті  таныстырды. Сонымен қатар жаңа имамның алдағы уақытта атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Қанат имам алдағы уақытта Түркия елі, Анкара университетінің «Иляхият» факультетінің ислам  тарихы мамандығы бойынша магистратурада білімін жалғастырады.

IMG_6617

Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқарған Қанат Қуанышбайұлының иығына шапан жауып, алғыс білдірді.

IMG_6619

Ерлан Бауыржанұлы

1990 жылдың қыркүйек айының бірі күні БҚО,  Бөкей Ордасы ауданы, Сайхын ауылында дүниеге келген.

2012 жылғы Орал медресе-колледжінің түлегі. Қазіргі уақытта  Ақтөбе қаласындағы А. Жұбанов атындағы университетте «Дінтану» мамандығы бойынша білім алуда.

Еңбек жолы:

– 2012-2014 жылдары Бәйтерек (бұрынғы Зеленов ауданы) аудандық мешітінің бас имамы;

– 2014-2021 жылдары Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы болған.

Үйленген, 1 қызы, 3 ұлы бар.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале