Бүгін Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұрпақтары!» атты мәдени-патриоттық форум өтті. Шараға ауданның жас мамандары, жас дәрігерлер мен құқық қорғау құрылымдарының жас мамандары, өндірістік кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшы жастар мен колледж студенттері қатысты.
Мақсаты ел тарихына, мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастырумен қатар, өскелең ұрпаққа азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Форумда аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов сөз алып, жастар саясатының дамуына белсене түрде үлестерін қосып жүрген бірнеше аудан жасын облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева мен аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың атынан алғысхат табыстады.
Құрметке ие болғандардың ішінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары Ардақ Тлепова, Гүлзамира Лекерова, аудандық ауруханасының профилактикалық бөлім дәрігері Мекен Өтекеев, Кеңтүбек ауылдық округінің әдіскері Айнар Мұхтарова, «Адам бол» волонтерлық корпусының негізін қалаған Арыстанбек Хасанов, Ақсай қаласының №3 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әсемгүл Ахметова және тағыда басқа жастар бар.
Форум колледж студенттері дайындаған сахналық қойылыммен басталды. Онда 1986 жылы желтоқсан оқиғасын көрсетіліп, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков өмірінің соңғы кездері сахналанды.
Кейін шара патриоттық әнге жалғасты.
Шараға келген қонақтар ауданның жас кәсіпкерлер дайындаған көрмені тамашалады. Көрмеде кәсіпкерлер кондитерлік және ірімшік өнімдерін, фотозона, тойбастар, қолөнер бйұымдары, көрнекілік, дидактикалық ойындар, қыз жасауы, ұлттық киімдер, тұсау кесер жиынтықтарын ұсынды.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz