23.09.2025, 18:00
Оқылды: 252

Бөрлі ауданында «Жасыл жол» эко марафоны өтті

Жақында Ақсай қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Жасыл жол» эко жүгіру марафоны өтті. Марафон Ақсай қаласы әкімі аппаратының «Экологиялық мониторинг қызметі» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсай» мәдени-бұқаралық ұлттық-ат спорт кешені «Ақсай-Қамқор» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оздырылды.

WhatsApp Image 2025-09-22 at 15.57.39

Марафон салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды табиғатты аялауға шақыру және «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала тұрғындарының бірлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Марафон Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды. Аталған шарада қатысушылар 16-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+ және 70+ жас категориялары бойынша 10 шақырымға жүгірді.

WhatsApp Image 2025-09-22 at 16.02.36

Марафон қорытындысы бойынша 16-29 жас ерлер арасында Мансур Мұқанов, ал қыздар арасында Жанерке Тудахунова жеңіске жетті. Ал 30-39 жас ерекшелігінде Жарас Айтуаров пен Айнұр Киреева, 40-49 жас ерекшелігі арасында Алексей Алиев пен Турсынай Сұлтанғалиевалар жеңімпаз атанды. 50-59 жас арасында Валерий Ольховик пен Наталья Зубкова, 60-69 жас бойынша Сергей Якименко мен Ақалқа Баймұқанова, ал 70+ жас ерлер арасында Есенгелді Дарханов жеңіс тұғырынан көрінді.

Жүлдегерлерді Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов және аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаевтар құттықтап, марапаттады.

МАРАФОН (2)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале