Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады.
Аудан басшысы Ақсай қаласының 10 шағынауданындағы №6 мектеп-лицейінде орналасқан №81 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
Бұл учаскеде 2726 сайлаушы тіркелген.
Аудан әкімі бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтіп, аудан тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.
- Бүгін ел болып Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутатығына үміткерлерді таңдап жатырмыз. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз борышымды атқарып шықтым, өз таңдауымды жасадым. Өздеріңіз білетіндей, аудандық мәслихатты 13 депутат құрау керек. Бұрын депутаттар партиялық тізіммен енгізілген болса, қазір сайлау қорытындысына сай бір мандаттық жүйемен 13 депутат қалыптасады. Нәтижесінде халықпен жергілікті және өкілетті органдар арасындағы қарым-қатынас тұрғындардың сенімін арттыруға септігін тигізеді деген сенімдемін. Болашағымыз жарқын болсын, - деп пікір білдірді.
Айта кетейік, қазіргі кезде Бөрлі ауданында 34 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, олардың барлығында дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіппен өтіп жатыр.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz