21.11.2024, 17:15
Оқылды: 9

Бөрлі ауданының педагогтері жарады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының БҚО бойынша Кәсіби дамыту институты» филиалының ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткен болатын.

Өрлеу

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» – мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бірі бойынша бейнематериал түрінде өзінің авторлық материалын ұсынуға мүмкіндік береді. Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады.

Конкурс жұмыстары бейнересурстың өзектілігі, дәлелділігі, пәнаралық интеграциясы, әдістемелік құндылығы, инновациялылығы, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігі, аудио/бейнеқатар сапасы сияқты 7 критерий бойынша бағаланады.

Осы байқауға аудан ұстаздары түрлі бағыттарда қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, Ақсай қаласының №7 ЖОББМ ұстаздары Айнұр Тоғжанова мен Эльмира Шуренбаевалар өз біліктіліктерін көрсетіп, жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Ал ІІІ орынға Гүлнұр Қажғалиева (№1 ЖОББМ), Элеонора Аманшиева мен Әдемі Шапенова (№7 ЖОББМ), Әселім Мамбеталиева (№1 ЖОББМ), Гүлмира Сембиева (№5 ЖОББМ), Назгүл Ғаббасовалар (№5 ЖОББМ) ие болды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале