4.02.2024, 20:27
Оқылды: 36

Бөрлі колледжінде облыстық семинар өтті

Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, болашақ мамандарды жұмыспен қамту бүгінгі таңда оқу орындарына артылған міндеттердің бірі, кәсіптік білім берудің маңызды бағыттарының қатарына жатады. Бөрлі колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын жетілдіру, түлектерді даярлау және жұмысқа орналастыру мәселесінде әлеуметтік әріптестермен және жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық, студенттер арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында «Тиімді колледж – тиімді жұмыс беруші» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2024-02-04 at 15.11.23

Семинар жұмысына Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Ермекбаев, әлеуметтік серіктестер: Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Т.Т.Тулегенов, Ақсай аудандық электр торабының басшысы, Бөрлі колледжінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.А.Казмағанбетов, колледж түлектері және ТжКББҰ директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға шеберлері, арнайы пән оқытушылары қатысты.

Облыстық шараның ашылуында Білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Н.Сабиров дуальді оқыту жұмыстары бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстары туралы айтты. Мазмұнды басқосудың бағдарламасында облыстағы еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты нығайту, колледж бен жұмыс берушінің тиімді өзара әрекеттесуі, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру, арнайы пән оқытушыларын тағылымдамадан өткізу мәселесі мен демонстрациялық емтиханды өткізу барысында жұмыс берушілердің ролі, тағы бірқатар маңызды мәселелер қамтылды.

InShot_20240204_164626680

​Семинар жұмысының екінші бөлімінде Бөрлі колледжінің арнайы пән оқытушылары А.Р.Нургалиева «Қаржы сауаттылығы» тақырыбында, Д.А.Кажикаиров «Автокөлікке компьютерлік диагностика жасау» бағыты бойынша шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бағдарлама жұмысы «Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне саяхат жасаумен аяқталды.

Нұргүл Қуатова, 

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале