24.12.2024, 17:40
Оқылды: 54

Бөрлі тұрғындары баспаналы болды

Биыл халықтың әлеуметтік осал санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету аясында Бөрлі ауданының бірқатар ауылында екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталды.
ed8f0714-7331-4894-857b-11b804f69792
Бүгін ауданымыздың Бөрлі, Успен, Пугачев, Аралтал және Кеңтүбек ауылдарында 132 үйдің кілті иелеріне табыс етіледі.
Бөрлі ауылында екі пәтерлі үш үй салынған. Мердігер – «Флагман» ЖШС.
4c93ae55-9636-440e-acab-6e6d1bdcd8e7
Бүгін Бөрлі ауылында алты отбасыға пәтерлердің кілті табысталды. Баспана алғандардың қатарында Оксана Долгих, Сания Шарипова, Қанәділ Хасанов, Назира Кузаирова, Мәншүк Құдайбергенова және Анаргүл Гайсиналар бар.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов қатысып, пәтер иелеріне кілттерін табыстап, құттықтады.
– Бұл үй менің жолдасыма беріліп жатыр. Жолдасымның көзінің көрмейтініне 13 жыл уақыт болды. Үй 3 бөлмелі, барлық жағдай жасалған. Бізге ұнады, - дейді пәтер иесі Ұмсындық Хасанова.
bdf80574-b3e7-414c-80aa-09d3d1d6acf8
Пәтер иелерінің арасында көпбалалы аналар да бар. Көпбалалы ана Назира Кузаирова өзінің қуанышты екенін айтып, алғысын айтты.
– Біз осы уақытқа дейін Ақсай қаласында тұрдық. Кейіннен бізге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен Бөрлі ауылынан үй беріледі деп сонда көшуге ұсыныс жасады. Жолдасым екеуміз ақылдасып, келістік. Жанұямыз 7 адамнан тұрады, яғни 5 баламыз бар. Үй кезегіне тұрғанымызға 1 жыл уақыт болды. Баспаналы болғанымызға өте қуаныштымын, - дейді көпбалалы ана Назира Шалабайқызы.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале