Қайырымдылық керуені аясында қасиетті ай басында Бөрлі ауданының шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарындағы 50 отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылған болатын.
Қасиетті Рамазан айында Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат" еріктілер тобының мұрындық болуымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені өз жалғасын тапты.
Бұл жолы қайырымдылық керуені аясында Успен, Жаңаталап, Александровка, Ақсу, Ақбұлақ, Пугачев ауылдарындағы аз қамтылған 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелері таратылды.
Елдегі карантин кезінде үйлерінде отырған бөрлілік көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға жеткізілген қоржында: құрма, күнбағыс майы, пакеттегі сүт, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта қайырымдылық қоржынын тұрақты таратуды көздеп отыр.
Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz