18.05.2020, 11:17
Оқылды: 55

Бөрліде 100 отбасыға көмек көрсетілді

Қайырымдылық керуені аясында қасиетті ай басында Бөрлі ауданының шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарындағы 50 отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылған болатын.

156F21EE-B467-42A8-9623-02071862838B

Қасиетті Рамазан айында  Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат" еріктілер тобының мұрындық болуымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені өз жалғасын тапты.

252A4898-6AAC-4127-B885-876EBB7AC23B

Бұл жолы қайырымдылық керуені аясында Успен, Жаңаталап, Александровка, Ақсу, Ақбұлақ, Пугачев ауылдарындағы аз қамтылған 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелері таратылды.  2021A72F-0161-4B4F-B0AB-4C4CCADF4965

Елдегі карантин кезінде үйлерінде отырған бөрлілік көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға жеткізілген қоржында: құрма, күнбағыс майы, пакеттегі сүт, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта қайырымдылық қоржынын тұрақты таратуды көздеп отыр.

 Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале