12.09.2023, 11:15
Оқылды: 12

Бөрліде «Aksai Trail Run» Aqbulaq 2023 ашық жүгіру марафоны өтті

Ақсай қаласы күні мерекесіне орай Ақбұлақ ауылдық округінің Алғабас тауларында «Aksai Trail Run» Aqbulaq 2023 ашық жүгіру марафоны өтті.

D8A58242-5CA7-4000-B843-E7FAFDB0170F

Марафон аудандық әкімдіктің қолдауымен, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Aqjayiq Run Club» жүгірушілер клубымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл марафон 2021 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтіп келеді. Аталмыш жарысқа биыл көршілес Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Орынбор және еліміздің бірнеше қала, аудандарынан 100-ден аса спортшылар келіп қатысты.

Жарыс қатысушыларының ең кішісі 12-де болса, үлкені 70 жаста. Белсенді жастар мен спортты сүйетін қарттар марафонның көркін келтірді.

03597F62-8D28-4591-AEC3-439144C491D8

Марафон бағдарламасы екі жарыстан тұрды. Бірі – спринттік тауға жүгіру (200 м, абсолюттік жарыс), ал екіншісі – 14 км жүгіру. 14 км қашықтыққа жүгіру ерлер мен әйелдер арасында оздырылып, олар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, қала әкімі Арсен Баяндықов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аңсар Дюсенов, «Aqjayiq Run Club» әуесқой жүгірушілер клубының өкілдері Тимур Жукушев пен Рустам Берқалиев және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаевтар қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

DC53F9B4-FDA8-4F43-95E0-7E8BE0E9A3E8

– Мен негізінен шаңғы спортымен айналысамын. Осындай жүгіру марафондарына жиі қатыссам да, осында бірінші рет келіп тұрмын. Бүгінгі қашықтық оңай болған жоқ. Биік таулардан жүгіру қиын болды. 2-3 күн бұрын Қостанай облысының Рудный қаласында өткен 10 км қашықтыққа жүгіруден жеңіске жеттім. Жаңағы аталған жарыста біз асфальттың үстінде, тегіс жерде жүгірдік. Ал бүгінгі жарыста төмпешіктерге мініп, түсіп жүгірген ерекше болды. Маған бұл жарыс туралы аудандық БЖСМ-нің шаңғы жаттықтырушысы Ислам Сағыналиев айтып, осы жаққа шақырды, - дейді ерлер арасындағы 14 км қашықтықтың абсолют жеңімпазы 21 жастағы Ернұр Бексұлтан.
A8E19321-6FAC-4AA1-A363-060CDB877FFF

Жарыс қорытындысы бойынша спринтерлік жүгіруден (200 м) ерлер арасында Ербол Дәулетов (Орал), ал әйелдер арасында Анастасия Соколова (Ақсай) жеңіске жетті. 14 км қашықтықта Ернұр Бексұлтан (Ақтөбе) және Ляззат Төлепбергенова
лар (Орал) абсолют жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі  «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале